2,5%-бен несие: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі?

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2025

Қазақстан тұрғындарының 38 пайызы ауылда тұрады. Ондағы тұрғындардың табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында АМАNАТ партиясының «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылды. Сол арқылы  біраз адам  кәсіп бастап, ісін дөңгелетіп отыр.   

ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:

Ірі қара шаруасын ілгерлетіп, мемлекет берген қаржыны ісіне керек етіп кәсіп дөңгелетіп отырған ауыл азаматтары жеткілікті. Бірі сүтін сауып етін сатып пайда тапса енді бірі жер жыртып егін егіп пайда тауып жатыр.

Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының тұрғыны Жазира Әмренова жеңілдетілген несиемен мал алған. Алдағы уақытта ет бағытында кәсібін кеңейтпек. 

ЖАЗИРА ӘМРЕНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

8 миллион 200мың теңгеге 16  ірі қараны 7 жылға жеңілдетілген несиемен алдым. 2 жыл бағып, кейін ет түрінде сатамын.  Алдағы уақытта бұдан да үлкен қаржы алып кәсібімді дөңгелетсем деймін.

Несие жылдық 2,5% мөлшерлемемен 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қарыздың ең жоғарғы сомасы 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін 8 мың АЕК-ке дейін жетеді.

2025 жылы жаңа микрокредиттер беруге және 8 мыңға жуық жұмыс орнын құруға 50 млрд теңге қарастырылған.2023-2024 жылдары бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлінді.

РУСЛАН СОКОЛОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

2023 жылы Ауыл аманаты бағдарламасы бойынша, несие алдым. Несие алып өздеріңіз тұрған кәсіпорынды кеңейттім. Өзіміге қажет құрылғыларды алдық. Бұл бізге жұмыс көлемін кеңейтуге мүмкіндік берді. Бұған дейін күніне 300 литр сүт өнімінен ірімшік жасасақ, осы несиені алғаннан кейін өндіріс 2 есе ұлғайды.

Бағдарлама басталғалы  өңірлерде 540-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған.  

АЙЖАН СЕЙТКАЗИНА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БУРАБАЙ АУДАНЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Ауыл аманаты" жобасы бойынша біздің ауданымызда 12 адам алған болатын несие ол жалпы соммасы 113 миллионды құрайды. Және міне қазіргі таңда несие алушылар өте көп. 

"АУЫЛ АМАНАТЫ" бағдарламасы басталғалы оған  қатысушылар 1,2 млрд теңге  салық төлеген.  Ақтөбе, Түркістан және Жамбыл облыстары көш бастайды.