Жаңа көпір ауыл мен қала арасын үш есе жақындатты

Қарағанды облысының Ғабиден Мұстафин атындағы ауылында жаңа автокөлік көпірі ашылды. Енді ауыл мен Теміртау қаласының арасы үш есе қысқарып, жолға бар-жоғы жиырма минут қана кетпек. Көпірдің құрылысын жергілікті тұрғандар асыға күткен болатын.

Ғабиден Мұстафин атындағы ауылда тарихи сәт. Тұрғындардың өтінішінен кейін көпір салынды. Енді Теміртауға бару үшін көп уақыт жоғалтпайды.

ТАТЬЯНА КУРБАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл көпір біз үшін өте қажет әрі маңызды нысан. Бұрын қалаға дейінгі қашықтық шамамен 40 шақырым болса, қазір небәрі 12 шақырым ғана. Енді Теміртауға 15–20 минутта жетеміз, әрі республикалық трассаларға шығу да жеңілдеді.

Габиден Мұстафин атындағы ауыл Нұра өзенінің бойында орналасқан. Жазда өзен тыныш болғанымен, көктемде мінез танытады. Шамамен он жыл бұрын су тасқыны кезінде 400-ге жуық үйді су басып, көпірді де бұзып кеткен еді. Содан бері тек жаяу өткел ғана қалған. Енді міне ауылдың басты мәселесі шешімін таптты.

БАҚЫТ ӨСКЕМБЕКОВА, АУЫЛ ӘКІМІ:

Қазір автобус бағыттары жиілей түсті. Қаладан келетін автобустар енді ауылдың бүкіл аумағын қамтиды. Тұрғындар жұмысқа уақытылы барып, қайтып үлгеріп жүр. Автобус кестесі адамдардың жұмыс уақытына ыңғайланып жасалды.

Жергілікті тұрғындар жаңа көпір — "тыңдайтын мемлекет" қағидасының нәтижесі дейді.