«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тұрғындардың барлығын бір мақсатқа жұмылдыруда. «Қызылорда Тазалығы»-ның қызметкерлері осылай дейді. Күннің суығы мен ыстығына қарамастан қала көшелерін тазалайтын жұмысшылар бүгін экоакцияға үлес қосты. Күшейтілген режимде аумақтарды арнайы техникалармен тазалап шықты. 90 көлік, 270 адам жұмыс істеді дейді мекеме басшысы. Бүгінгі күнге дейін өңірде 420 адам бастамаға атсалысып, 18 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.
САПАРҒАЛИ ӘСІЛБЕКОВ, «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» КМК БАСШЫСЫ:
Таза болуына үлкен үлесін қосып жатыр. Өйткені қосымша осы қаламыздың тұрғындары да атсалысып жатыр бірге. Одан бөлек техникалар мен кәсіпкерлік нысандар территорияларын, есіктерінің алдындағы қоқыстарын алып барлығы «Қазақстан» акциясына өздерінің үлестерін қосып жатыр.