QS Quacquarelli Symonds жоғары білім беру саласындағы халықаралық талдау агенттігі QS Asia University Rankings 2026 – Азияның ең үздік университеттері рейтингінің 2026 жылғы тізімін жариялады.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстан QS Asia University Rankings рейтингінде қатысу аясын айтарлықтай кеңейтті – 112 университеттің ішінде 44 қазақстандық жоғары оқу орны енді. Салыстыру үшін: Өзбекстаннан – 22 университет (204-тен), Қырғызстаннан – 6 университет (61-ден), Тәжікстаннан 1 университет (27-ден) енген.
Атап өту керек, биыл рейтингке 10 жаңа қазақстандық университет енді!
Қазақстан – Орталық Азия елдері ішінде Азияның ең үздік топ-100 университетіне кірген жалғыз мемлекет: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 38 орын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 61 орын, Satbayev University – 79 орын.