Қарағандыда полиция есірткі өндіретін жасырын зертхананы әшкереледі

Операция барысында жасы 28 бен 30 аралығындағы екі облыс тұрғыны синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары жалдамалы үйден бір тоннадан астам прекурсор мен 52 келіден астам дайын есірткі — Альфа-PVP затын тәркіледі.