Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралды. Сенат құжаттың жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды.
Заң мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау салаларын реттеудің нормативтік негізін тұжырымдамалық тұрғыдан өзектендіруге мүмкіндік береді және ұлттық заңнама мен оның құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.
- Қаралып отырған заң жұмыс тобы отырыстарында жан-жақты талқыланды, сұрақтарға жауаптар алынды. Дегенмен, заңды жұмыс топтарының, комитеттің кеңейтілген отырыстарында қарау барысында заңнамалық сипатқа ие бірқатар ұсыныс пен ескертулер жинақталғанын атап өткіміз келеді, - деді сенатор Талғат Жүнісов.