Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Astana TV.
Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, ал 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні Қадір түні болады.
Ораза айт 20 наурызға, ал Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға келіп тұр.