Мемлекет басшысы «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады

Мемлекет басшысы Вашингтонға сапармен барды. Президентті АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.

Сондай-ақ Президентті АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алған. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.