Геосаясаттан бизнеске: Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасының жаңа форматы

Қазақстан Орталық Азияда интеграциялық бастамалар, қауіпсіздік пен экономикалық даму бағытында жетекші орынға ие. Ел аймақтық тұрақтылықты нығайтуға және жасыл экономика мен транзиттік әлеуетті дамытуға айрықша көңіл бөлуде. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі саяси жағдайда АҚШ-пен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту маңызды. Қазіргі Америка Президенті нақты жобалар мен бизнес бастамаларды қолдауға басымдық беріп отыр. Бұл Қазақстан үшін экономиканы жаңғырту мен цифрландыру саласында жаңа мүмкіндіктер ашады.

ДІНМҰХАММЕД ҒАЛИ, ҚОЛДАНБАЛЫ ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұрын мұнай бүкіл геосаясатты іріктейтін болса, қазір метал жоғарғы деңгейге шығып отыр. Сондықтан міндетті түрде металдың мәселесін шешу, АҚШ біз білеміз ол тәуелді осы металдарға. Сондықтан оған сенімді және болашақта осы метал алатын серіктес ретінде Қазақстан саналады.