Мемлекеттік сектор тиімді әрі ашық болуы тиіс

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2025

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру қарқыны күшейеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында алдағы үш жыл ішінде елді толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойған болатын. Қазіргі заман талабына сай азаматтардың сұранысы да өзгерді. Мемлекеттік қызметтерді алу процесі барынша жеңіл, онлайн форматта және артық құжатсыз жүзеге асуы тиіс.  Бұл- тұрғындардың уақытын үнемдеуге, мемлекеттік органдарға жүктемені азайтып, қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.  

ЕРДӘУЛЕТ АЙТМАҒАМБЕТ, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Ақтөбе облысында көрсетілетін 9 млн-ға жуық қызметтердің 96 проценті электронды түрде көрсетілген. Аталған бағытта жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша тиісті іс-шаралар атқарылатын болады.