Шетелдерде жатқан тарихи құжаттар елге оралып жатыр

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2025

Шетелдік және отандық архивтерден Қазақстан тарихына қатысты мыңдаған тың құжат жинақталып, ғылыми айналымға енгізілді. Құнды тарихи деректер заман талабына сай қорғалып,  цифрлық мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Бұл - 2019 жылы басталған "АРХИВ - 2025"   жобасының жемісі.  Бүгін Астанада «Архив-2025: архивтегі аманат» тақырында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда бес жылдық қорытындысы айтылды.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, архив ісінің басты мақсаты – құнды тарихи мұраларды сақтап қана қоймай, оларды заманауи тәсілдер арқылы қоғам игілігіне ұсыну. Бүгінгі шара осы идеяның нақты көрінісі – архивті цифрландыру, тарихи жадыны сақтау және келер ұрпаққа аманат ету жолындағы жүйелі жұмыстың айғағы болмақ.

ИБРАИМ БАБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазақстандағы архивтердің барлығы 236 архив болса соның 92,6 пайызы барлық архив қоймалары толған. Сол материалдық техникалық базасын жаңарту, архив қоймаларын салу оның ішінде лобаратория ашу, серверлер ашу құжаттарды цифрландыру бойынша мыңнан аса техникалар сатып алынды барлық облыстарда жер учаскелері бөлінді.