Павлодар облысында ерекше білім беруді қажет ететін бала саны артқан

Павлодар облысында ерекше білім беруді қажет ететін 8670 бала тіркеуде тұр.  Оның 900-ге жуығы туа бітті науқас. Ал 5457 бала инклюзивті білім берумен қамтылған. Қазір ерекше балаларды  қоғамнан бөліп жармас үшін балабақшалар мен мектептерде, тіпті колледждерде қатар оқуға мүмкіндік беретін арнайы оқу бағдарламасы құрастырылған. Сол арқылы әр сыныпта, әр топта бір баланы қатарластарымен қатар оқытуға мүмкіндік жасалынған. Мектеп жанынан 20 инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, ерекше балалардың толыққанды білім алуына  жол ашылды. Аймақта 32 арнайы мекеме жұмыс істейді. 7 мектеп интернат, 9 арнайы балабақша, 4 психологиялық-мединциналық, педагогикалық кеңес беру және аутизим орталығы тегін қызмет көрсетеді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен өңірде 7 арнайы мектеп-интернаттың материалдық-техникалық базасы жаңартылды.

ЖІБЕК АЙТМҰХАМБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Облыс бойынша барлық ерекше білім беруді қажет ететін балалар барлық салада білім берумен қамтылады. Орталықтарға барады және де жанағы айтып кеткендей инклюзияны қолдау кабинеттеріне барады.