Шымкент пен Қызылордада «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2025

Шымкентте «AMANAT» партиясының "Таза бейсенбі" акциясы аясында  Қаратау ауданындағы көпқабатты үйлердің аулалары мен жаяу жүргіншілер жолы тазартылды. Тұрмыстық қалдықтар жиналып, көгал аумақтар ретке келтірілді.   Жыл басынан бері   45 рет экологиялық акция ұйымдастырылған. Оған  4 мыңға жуық адам қатысты.  Нәтижесінде 44 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылған. 

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Amanat» партиясының басты мақсаты - біз тек  қана тазалаумен ғана емес біздің Шымкент қаласының тұрғындарын, қонақтарын тазалық сақтауға шақыру - бірінші міндетіміз. Тазалық дегеніміз әрбір салада болады. Рухани таза болу керек. Экологиялық және өзіңнің тазалығың деген сияқты. Сондықтан әрбір жерде біз тазалық сақтауды басты міндет етіп қоямыз.

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясына «AMANAT» партиясы Қызылорда облысы Қазалы аудандық филиалы мүшелері де атсалысты. Олар Әйтеке би кентінің орталығындағы  мәдени-демалыс кешені аумағында тазалық жұмыстарын істеді. Арықтарды  жапырақтан тазалады.  Мұндай жұмыстар халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда тұрақты өткізіледі дейді ұйымдастырушылар. 

ҒАЗИЗ ӘЛІШ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әр бейсенбі сайын осы жұмыстарды атқарып жүрміз. Таза елді мекен бізге керек. Таза ауа, елдің тазалығы біздің басты ұстанымымыз. Көптеген тұрығндар бұл мәселені түсінді. Бүкіл елдегі азаматтардың барлығы осы акцияға қатысып, жұмыстарын жасап жатыр.