Қант диабеті мен ДЦП әлеуметтік аурулар тізімінен алынып тасталды

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне өзгерістер енгізді. 

Жаңа тізімге келесі ауру түрлері кірді:

- Туберкулез;

- АИТВ (ВИЧ) инфекциясы;

- Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы;

-Қатерлі ісіктер;

-Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары (аурулар);

-Жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай ішінде);

- Сирек (орфандық) аурулар;

-Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;

-Орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары;

- Эпилепсия;

- Цереброваскулярлық аурулар (инсульттер) (1 жыл бойы).

Бұған дейін әлеуметтік аурулар тізіміне қант диабеті, ревматизм және балалар церебралды сал ауруы (ДЦП) кірген болатын.

Жаңа бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.