Дәрігерлер мен мұғалімдерге шабуыл жасағандарға 100 мың сомға дейін айыппұл салынады

Қырғыз Республикасының Президенті жеңіл дене жарақатын салу үшін жазаны күшейтетін Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды. Құжат он күннен кейін күшіне енеді,-деп хабарлайды Astana TV   @news24kg сілтеме жасап. 

Енді заң бойынша, азамат егер біреуге қызметтік немесе кәсіби міндетін атқаруына, не қоғамдық борышын орындауына байланысты жеңіл дене жарақатын салса, ол үшін жауапқа тартылады.

Мұндай құқықбұзушылық үшін 500-ден 1000 есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл (шамамен 50–100 мың сом) қарастырылған.
Дәл осындай түзетулер ҚР Қылмыстық кодексінің 280-бабы («Бұзақылық») бойынша да енгізілді.

Бұл өзгерістердің басты мақсаты – соңғы жылдары жиі агрессияға ұшырап жүрген дәрігерлер мен мұғалімдердің құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау.