Филиппин аралдарында тайфуннан қаза тапқандар саны 188-ге жетті

фото: REUTERS/Eloisa Lopez

Филиппинде «Калмаеги» дауылынан 188 адам қаза тапты. «Рейтер» агенттігінің дерегінше, тағы 135 адам хабар-ошарсыз кетіп, 96 адам жараланған.

Тайфун кезінде эвакуацияланған жүздеген мың тұрғын қайтып келгенде, үйлерінің қирағанына куә болды. Дүлей дауыл енді Вьетнамға жетті.

Үкімет табиғи апатпен күреске 268 мың әскери қызметкерді жұмылдырған.