Индонезия астанасы Джакарта қаласында жұма намазы кезінде мектеп аумағындағы мешітте қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 54 адам зардап шеккен. Бұл туралы Джакарта қалалық полиция бастығы Асеп Эди Сухери хабарлады.
Оның айтуынша, жарақаттар жеңілден бастап ауыр түріне дейін әртүрлі сипатта, кейбіреулерін күйік шалған. Жеті адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда.