Қазақстанда алғашқы батыстық брендті көпсалалы клиниканы ашылады

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2025

Қазір елімізде  600-ден астам америкалық компания жұмыс істеп жатыр. Президенттің бұл сапарынан кейін  көрсеткіш тағы ұлғаймақ.  «Самұрық-Қазына»   британдық Ashmore инвестициялық компаниясымен және оның еншілес құрылымы Ashmore Healthcare International арқылы бірлесіп, Қазақстанда алғашқы батыстық брендті көпсалалы клиниканы ашуды жоспарлап отыр. Бұл клиника Орталық Азияның медициналық хабы болмақ. Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен -150 миллион доллар.Сондай-ақ,  ұлттық тау-кен компаниясы «Тау-Кен Самұрық» пен америкалық Cove Capital инвестициялық компаниясы әлемдегі ең ірі игерілмеген вольфрам кен орындарының бірі – Солтүстік Катпар мен Жоғарғы Қайрақтыны бірлесіп дамыту жөнінде келісімге келді.Жобаны жүзеге асыру – еліміздің тау-кен өнеркәсібін дамыту мен технологиялық әлеуетін нығайтудың маңызды қадамы болмақ.

БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазақстанға ерекше назар аударылып отырғандығы - логистика мәселесі. Бұдан басқа сирек металдарымыз, соның ішінде уран. Бұл бағытта да жаңа келісімдер, жаңа жобалар қолға алынатыны сөзсіз. Дәл осы саммиттің Қазақстанның экономикалық әлеуетін күшейтуге әсер зор болады деген сенімдеміз.

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Альтернативті экономиканы дамыту, жасыл экономика, туризм, шағын және орта бизнестегі өңдеуші сектордың дамуына американдық компанияларды әкелетін болсақ, алдағы 10-15 жылда біз толыққанды болмасақ та жалпы көміртегі басқа да шикізаттардың ЖІӨ үлесін қазіргі 60-70 пайыздан 10 пайызға түсіретін болсақ, бұл біздің алда ұстанатын стратегиялық бағытымыз болып табылады.