Қазақстанда әуе таксиі іске қосылады

  • AstanaTV
  • 07 қараша 2025

Қазақстанда әуе таксиі іске қосылады. Joby Aero компаниясынан $300 млн-ға электрлі eVTOL ұшақтары сатып алынбақ. Бұл жоба Алатау мен Алматы қалаларының көлік желісін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. 

Министрлік мәліметінше, бұл тігінен ұшып-қонатын инновациялық ұшу аппараттары Қазақстандағы алғашқы қалалық әуе мобильділігі жобасының негізі болмақ. Жоба аясында сертификаттау және демонстрациялық ұшуларға арналған сынақ алаңын құру, сондай-ақ Алатау мен Алматы қалаларының көлік желісіне әуе таксиін интеграциялау жоспарланып отыр.

АМАНБЕК ҚАЙЫРБАЕВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР ЖӘНЕ GOVTECH-ТІ ІЛГЕРІЛЕТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Beeline Kazakhstan арасында Starlink компаниясының Direct to Cell технологиясын енгізу туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, бұл абоненттерге қосымша құрылғыларды қажет етпей шалғай аудандарда байланыста болуға мүмкіндік береді. Бұл цифрлық инфрақұрылымды дамытуда және бүкіл Қазақстан бойынша байланыстың қолжетімділігін қамтамасыз етуде маңызды қадам болмақ.

МЕЙІРЖАН ӘУЕЛХАНҰЛЫ, ЖИ САРАПШЫ:

Барлығы да мынау бір маңыздырақ мынау екінші неде тұрсын дейтін дүние емес барлығы да қатар жүзеге асса ол біздің еліміз үшін еліміздің орталық Азиядағы  IT HUB-қа айналамыз деген үлкен бір миссиямыздың орындалуы барысындағы бір үлкен тетік бір үлкен баспалдақ болады.

Сондай-ақ қазақстандық кәсіпкер мен америкалық DDH  компаниясы арасында $300 млн-дық меморандумға қол қойылды.Аталған жоба Қазақстанда цифрлық майнинг және деректерді өңдеу орталықтарын құру арқылы инфрақұрылымды жаңғыртады. Бұл инвестиция елдің жаһандық цифрлық экономикадағы рөлін нығайтуға бағытталған.