ҰБТ форматы жаңартылады: ETS тәжірибесі мен ChatGPT Edu қазақстандық білімге енгізілмек

Ұлттық тестілеу форматы өзгереді. Соңғы жиырма жылдан бері жоғары білімге қолжетімділікті қамтамасыз етіп келген ҰБТ форматын жаңарту бойынша  Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ETS ұйымы бірігіп, білімді бағалау жүйесіне жаһандық тәжірибе енгізбек. ETS жасанды интеллектке негізделген әділ және икемді тестілеу жүйесін әзірлеуді көздеп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан жоғары оқу орындары ChatGPT Edu платформасына қосылып, студенттер мен педагогтерге халықаралық деңгейдегі цифрлық білім беру мүмкіндігін ұсынады. Бұл бастама елдің адами капиталын дамытуға және білім беру саласын жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған.

ГҮЛЖАН ЖАРАСОВА, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ:

Open Ai компаниясы осы chat gpt edu бағдарламасы арнайы ЖОО-ның профессор, оқытушыларына жалпы, педагогтарға оқу үдерісінде таза, тиімді ЖИ пайдалануға мүмкіндік беруді қарастырған.  Неге десеңіз, бұл ЖИ құралдарының қауіпсіздігін этикалық сұрақтарының дұрыс болуы және педагогтарға өзінің қызметінде тиімді паәдалануға мүмкіндік беретін бағдарлама.