Бүгін баспасөз, радио және интернет журналистика саласындағы «ҮРКЕР» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Биыл байқау 11 номинация бойынша өтті. Сыйлыққа 400-ден астам журналист өтінім беріп, соның ішінде 44 қатысушы финалға шыққан. «ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы 2017 жылдан бері кәсіби журналистиканы дамыту мен үздік авторларды ынталандыру мақсатында өткізіліп келеді.
АЙКЕРІМ ЕСЕНӘЛІ, "ORDA FM" РАДИОСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Үркер ұлттық сыйлығы расы керек енді басылым болсын жаңағы ютуб болсын радио болсын қай бағыттағы болсын медиа саласының қызметкерлері арасында бәсекелестікті оята білді. Рейтинг былай тұрсын әріптестер өз ара жақсы нетворкинг алаңынан бұрын өзара жақсы контент ұсынуға мотивация алды деп ойлаймын.