Павлодарда «Jasyl school» атты экологиялық сайыс ұйымдастырылды

Павлодарда «Jasyl school» атты экологиялық сайыс өтті. Шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған. Сайыс барысында жастар 3 кезең бойынша командалық жарысқа түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар бір-біріне экологияға қатысты сұрақтарға қойып, соған жауап берді. Екінші кезеңде командалар өзара тәжірибе алмасты. Ал үшінші кезеңде экологияның болашағын талқылады.  Яғни, «30-50 жылдан кейін  біздің қоғам қалай өзгереді?» деген тақырыпта ой бөлісті. Сайысқа  50 студент қатысты.

ГУЗЕЛЬ ҚАПЕНОВА, "ЖАСЫЛ ЕЛ" ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ:

Болашаққа деген өзіміздің жауапгершілігімізді көрсетуге арналған үшінші кезең болып табылады. Ол ең маңызды кезең. Болашаққа деген плакаттар жасап, топтармен бірге бірігіп, осылай бірігу арқылы бір ғана адам емес, барлық адамдардың қосқан үлесін көрсете аламыз. Осы тақырыптар арқылы үлкен нәтижелерге жетуге мүмкіндігіміз болады деп сенемін.