Өрт сөндіру депосы ашылды

Ақмола облысының Красный Яр ауылында күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру депосының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және реновация жұмыстарының демеушісі болған «Altyntau Kokshetau» АҚ басшылығы қатысты.

 «Мемлекет басшысының қолдауы мен бизнес өкілдерінің көмегінің  арқасында біз өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз ету және жеке құрам үшін қолайлы тұрмыстық жағдай жасау мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік алдық», — деп министр атап өтті.

Жаңа өрт сөндіру депосы Красный Яр ауылының және оның құрамына кіретін Чайкино, Нұрлы көш кенттері, Қызылжұлдыз ауылы мен шамамен 19 мың тұрғыны бар Краснояр саяжайлары аумағының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ 9 мыңнан астам халқы бар Зерендi ауданының көршілес ауылдарына да қызмет көрсетеді.