Павлодарда құлаған мектеп ғимаратының астынан адамның денесі табылды

Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті  мәйітті таңғы сағат 4:31-де қирандылардың астынан табылғанын хабарлады.

Құтқарушылардың ақпараты бойынша, кинологтар мен құтқарушылар апаттық-құтқару жабдықтары мен тепловизорды пайдаланып, ер адамның жатқан жерін анықтаған.

- Таңертең іздестіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін құтқарушылар мәйітті үйінді арасынан тауып алып шықты, - деп қосты Павлодар облысы ТЖД.