«Реал» мен Винисиус арасы ушығып кетті: корольдік клуб оны 150 млн еуроға сатуға дайын

Фото: Getty Images

Бразилиялықты «Манчестер Юнайтед» өз қатарына қосуы мүмкін.

Мадридтік «Реалдың» вингері Винисиус Жуниор жақын күндері корольдік клуб сапынан кетуі мүмкін деп хабарлады 1Бол! El Chiringuito TV сілтеме жасап. 

25 жастағы бразилиялық футболшымен келісімшартты созу мәселесі тығырыққа тірелген. Тараптар нақты келісімге келе алмай жатыр. Дереккөздің мәліметінше, «Реал» басшылары оны 150 миллион еуроға бағалап, сатуға дайын отыр. Саудасы келсе бағаны төмендетуге де дайын екен.

Винисиустың өзі болса ауысатын клуб қарастырып жатыр. Ол Англия Премьер-лигасына баруды көздейді. Саудиялық клубтардың шақыртуынан бірден бас тартқан. Әзірге бразилиялық ойыншының көңілі «Манчестер Юнайтедке» ауып отырған көрінеді.

Ла Лигадағы соңғы маусымда Винисуис барлығы 14 матчқа қатысып, 5 гол соққан және нәтижелі 4 пас берген.