Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Фото: pixabay

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамынша,  елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады.

Солтүстік пен солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашын кей жерлерде күшті болады. Бұл аймақтарда, сондай-ақ шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ пен боран болуы мүмкін.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда антициклонның әсерінен ауа райы ашық, жауын-шашынсыз өтеді.

Сонымен қатар синоптиктер елдің барлық өңірінде тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал екенін ескертеді.