Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті.

Бразилиялық маман 2018 жылдан бері ел құрамасын тізгінін ұстады. Содан бері отандық футзалдың дамуына зор үлес қосып, оның басшылығымен ұлттық құрама Еуропа мен әлемнің үздік құрамаларының қатарына қосылды. Ойыны стилі мен тәртібі, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыру бойынша жаңа деңгейге көтерілді.