Францияның терроризмге қарсы прокуратурасы әйелдер адамдарға қарсы қылмыс жасау мақсатында сөз байласқан деп айып тақты. Бұл туралы Қазақпарат DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Терроризмге қарсы ұлттық прокуратураның (PNAT) хабарлауынша, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, елде «Террористік қылмыстық ұйым құру» туралы сот тергеуі 10 қазанда басталды. Дереккөздер бұл қастандық күзде ашылғанын және ұсталғандардың жас шамасы 20-да екенін айтады. Олар желіде атыс қаруы мен оқ өткізбейтін кеудешелерді айтып, шабуыл жоспарын талқылаған. Сондай-ақ нысана ретінде Париждегі концерт залы мен барды атаған.
Дереккөздің хабарлауынша, бұл тергеу 2015 жылдың 13 қарашасындағы шабуылда тірі қалған Салах Абдесламға қатысты. Осы аптада ол Ванден-ле-Вьей түрмесіндегі камерасында USB-дискіні заңсыз сақтауына байланысты екі рет жауап берді. Парижде ұсталғандардың бірі осы Абдесламның әйелі. Ол темір торда отырған күйеуіне жиһадтық үгіт-насихат жазылған флешка берді деген күдікке ілінді.
PNAT басшысы Оливье Кристиен Франциядағы жиһадтық қауіп соңғы үш жылда күшейгенін атап өтті.
Келесі аптада елде 2015 жылы 130 адамның өмірін қиған және 350-ден астам адам жарақат алған лаңкестік әрекеттердің құрбандарын еске алу шаралары өтеді. Бұл Франциядағы ең қанды теракт аталып кеткен,- деп жазады kaz.inform.kz.