Қостанай облысының Жітіқара ауданына қарасты Ырсай ауылында түлкі адамға шабуыл жасады деп хабарлайды Astana TV. Tiek.kz.сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін аудан әкімдігі ресми түсініктеме берді.
Оқиға кезінде зардап шеккен тұрғынға уақытында медициналық көмек көрсетілген. Жедел түрде вакцина егіп, қажетті ем шарасы жасалған.
Деректерге сәйкес, қазір орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мемлекеттік органдармен бірлесіп, жағдайды бақылауға алып отыр. Қосымша қауіпсіздік шаралары қолға алынған.