Бразилиядағы жойқын торнадодан 6 адам қаза тапты, 400-ден астам адам зардап шекті

ФОТО: GETTY IMAGES

Бразилияның Парана штатындағы Риу-Бониту-ду-Игуасу қаласында соққан торнадо салдарынан үлкен шығын келді.

Алдын ала мәлімет бойынша, 6 адам қаза тауып, 750-ден астам тұрғын жарақат алған. Қаланың 80 пайызы бүлінген, ондаған ғимарат пен көлік жарамсыз күйге түскен.

Парана билігі өңірде төтенше жағдай жариялады.