Филиппинде апаттың ауыр зардаптарын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр,-деп хабарлайды Astana TV.
Филиппин ақпарат агенттігінің (PNA) хабарлауынша, Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды басқару ұлттық кеңесі (NDRRMC) жойқын тайфун салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санының күрт артқанын мәлімдеді.
Ел президенті Фердинанд Маркос кіші ұлттық төтенше жағдай жариялап, билік өкілдері апаттың салдарын жою үшін барлық күштерді жұмылдырғанын атап өтті.