Әділет министрлігі қайыршылыққа қарсы күресу мақсатында «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске» және «Сыртқы көші-қон туралы заңға» өзгерістер енгізуді ұсынды. ІІМ деректеріне сәйкес, әсіресе Бішкек пен Ош қалаларында қайыршылардың саны көбейіп барады,-деп хабарлайды Astana TV. 24KG сілтеме жасап.
Жоба негізінен көлік жолдарында және қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алатын, қалалардың имиджіне нұқсан келтіретін және қауіпсіздікке қатер төндіретін қажырлы (назойливое) қайыршылыққа қарсы бағытталған.
Ұсынылып отырған шаралар:
-қайыршылық немесе жол үстінде ақша сұрау — 20–30 сағат қоғамдық жұмыс немесе үш тәулікке дейін қамау;
- қайталап жасалған жағдайда — 30–40 сағат қоғамдық жұмыс немесе бес тәулікке дейін қамау;
- шетел азаматтары үшін — елден шығару (депортация);
- қарттарды, жүкті әйелдерді, мүмкіндігі шектеулі жандарды қайыршылыққа тарту — 20 мың сом айыппұл, қайталап жасалса — депортация.
Әділет министрлігі бұл шаралар шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға емес, қоғамдық тәртіпті бұзатындарға ғана қолданылатынын атап өтті.