Астана – Қарағанды және Астана – Павлодар бағыттарында қозғалыс шектелген уақытта патрульдік полиция қызметкерлері 1400 автокөлікті, оның ішінде 350 жүк және 1050 жеңіл көлікке жол бастап жүрді.
Полицейлердің бірнеше рет жолға шықпау жөніндегі ескертуіне қарамастан, кейбір жүргізушілер қолайсыз ауа райында сапарға шығуды жалғастыруда.
— Мұндай ескертулерді елемеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Көктайғақ пен нашар көріну кезінде жол апатының қаупі артады, ал көмек көрсету қиындай түседі, — дейді тәртіп сақшылары.