Астанада ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр,-деп хабарлайды Astana TV. 
Air Astana компаниясы бірнеше рейстің кешіктірілгенін хабарлады. Компания Астанадан ұшатын рейстердің ауа райына байланысты кейінге қалдырылып жатқанын атап өтті.

Жолаушыларға әуежайға барар алдында әуе компаниясының ресми сайтындағы рейс туралы ақпаратпен танысқаны жөн.