Алматыда балалар үйі ғимараты өртеніп жатыр

 Алматы қаласында өрт сөндірушілер Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Анықталған ақпарат бойынша, балалар үйі ауласындағы асхана ғимаратынан өрт шыққан.

Әкімшіліктің айтуынша,ғимаратта адамдар жоқ. Тәрбиеленушілер уақытылы эвакуацияланып, қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.

Өрт асхана мен оған іргелес 3 қабатты ғимараттың шатырын шарпыған. Өрттің аумағы нақтылануда, шатырды ашу арқылы сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мешітке орналастырылды, олар тамақпен қамтамасыз етіліп, дәрігерлер мен психологтардың бақылауында.