Осы сағатта асхана және оған жапсарлас салынған үш қабатты ғимарат шатырының жануы орын алуда. Құтқарушылар тиімді сөндіру үшін шатырдың жабынын ашуда. Өрттің ауданы нақтыланып жатыр,-деп хабарлайды Astana TV.
Өртті сөндірудің 4 учаскесі құрылды, объектіде газ жедел жабылды. Тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін өрт сатысы орналастырылып, сол арқылы лафеттік оқпандар берілуде.
Өрт сөндіру автоцистерналары гидранттарға қосылған, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген. Ғимарат ішінде газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары барлау және сөндіруді жұмыстарын жүргізуде.
Жедел штаб құрылды, жағдайға тұрақты бақылау жүргізілуде. Сондай-ақ, өрт орнына қаланың барлық шұғыл қызметтері келді. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері мешіт ғимаратына орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілген. Оларға Апаттар медицинасы орталығы және ТЖД дәрігерлері мен психологтары қажетті көмек пен қолдау көрсетуде.