«Қазгидромет» деректері бойынша бүгін Қазақстан аумағында қар, боран, көктайғақ болады,- деп хабарлайды Astana TV.
Ақмола, СҚО, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, ШҚО, Абай облыстарыНда желдің екпіні 15–20, кей жерлерде 23–28 м/с дейін жетеді.
Астана, Көкшетау, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Семей, Өскемен — қар, боран, көктайғақ күтіледі.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Маңғыстау облыстарында тұман түседі.
ШҚО, Абай, Ұлытау, Павлодар, Жетісу, Жамбыл облыстарында желдің екпіні 28 м/с дейін күшейеді.
Сақ болыңыздар! Солтүстік пен шығыста жолға шығуды шектеу ұсынылады.