Елордада «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті,-деп хабарлайды Astana TV.
Құтқарушылар, полиция, Ұлттық ұлан және волонтерлер қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға ден қою іс-қимылдарын пысықтады.
Оқу-жаттығу барысында жылыну, алғашқы көмек және тамақтану пункттері бар шатырлы лагерь құрылды. №29 орта мектеп базасында зардап шеккендерді қабылдау пункті ұйымдастырылды.
Барлығы 135 адам мен 46 техника жұмылдырылды.
Мұндай оқу-жаттығулар қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға және қызметтердің өзара іс-қимылын арттыруға мүмкіндік береді.