Қарағандыда 25 жастағы әйелді бүлдіршінімен бірге қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Қарағандыда 25 жастағы әйелді бүлдіршінімен бірге қағып қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Ол 20 жастағы жігіт болып шықты. Оқиға қаланың Восток- 1 шағын ауданында болған. Кешқұрым анасы 4 жасар баласын балабақшадан алып жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатады.  «ВАЗ» көлігі оларды қағып өтіп, тоқтамастан кетіп қалады. Бала дін аман. Алайда анасының аяғы сынып, түрлі жарақаттар алған. Жағдайы орташа, ауруханада жатыр. Жапа шеккендердің шағымынан кейін полиция күдіктіні іздеуге кірісті. Бір күннен соң жүргізуші ұсталып, көлігі тәркіленді.

БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жүргізу 25 жастағы азаматша мен 4 жастағы баласын қағып оқиға орнынан ізін суытқан. Полиция қызметкерлерімен көлік иесе анықталып, оның 20 жастағы тұрғын екені белгілі болды. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.