Қайыр сұрау бизнеске айналды ма?

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2025

Соңғы уақытта қала көшелерінде алақан жайып, ақша сұрайтындар көбейді. Бірі мұқтажбын десе, енді бірі түрлі сылтаумен жұртты алдап, аянышты кейіп танытады. Сарапшылар қайыршылық әлеуметтік мәселе емес, табыс табудың тәсіліне айналып бара жатқанын айтады. Әріптесім  Айғаным Тұрысбек  эксперимент жасады, көрейік.  

АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:

Күн сайын  дәл осы көшеден жүздеген адам өтеді. Бір сәтке тоқтасаңыз — сізге міндетті түрде біреу алақан созады. Әрқайсысының өз себебі бар: баласы ауырыпты, әмиянын жоғалтыпты. Бірақ барлығының мақсаты бір — ақша сұрау. Ал бұл нағыз мұқтаждық па, әлде қалыптасқан кәсіп пе, оны анықтау барған сайын қиын болып барады.

Біз көшеге шығып,  эксперимент жасадық.  “Автобуста ұйықтап қалып, сөмкем мен телефонымды жоғалттым” деп жұрттан ақша сұрадым.  

Өздеріңіз көргендей, маған барлығы көмектесті. Ешкім бей-жай өтіп кеткен жоқ.

БЛИЦ:

- Ішіп алып отыратындарға көмектеспеуге тырысам. Дұрыс емес шығар бірақ

- Бәріне сене бермеймін. Болады енді түріне қараймын. Адамның түрі алдамшы ғой

- Иә, ондай адамдарды көремін. Жаным ашыса ақша беремін. Ар жақта өздері жауап береді алдаса

Жағдайыңды сенімді айтып берсең, адамдар көмек беруден бас тартпайды. Бірақ дәл осылай шынайы мұқтаждармен қатар, адамның сенімін пайдаланып жүргендер де аз емес.

НАЗИРА БУРХАНОВА, ПСИХОЛОГ:

Біреу маған міндетті, біреу бере қойса, оңай жерден ақша таба қойсам. Адамдар маған ақша берсе, беруге міндетті деп санайтын адамдар иә. Көшеде әсіресе тұратын, аяушылық сезім тудырып алғысы келетіндер инфантильді қарым-қатынасты көздейтіндер.

Былтыр қайыр сұраумен айналысатын 300-ге жуық адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске  сәйкес, қоғамдық орындарда қудалау үшін ескерту немесе жеке тұлғаларға бес АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Егер азамат құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаса, ол бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Егер шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам ұсталса, онда бес тәулікке айыппұл мен қамауға алудан басқа, ол елден шығарылуы мүмкін.

Қайыршылық – біреудің сенімін пайдалану ғана емес, қоғамның дамуына кері әсер ететін құбылыс. Бірі- шын мұқтаж, бірі оны кәсіпке айналдырған. Бірақ кез келген жағдайда, көмек беру мен алданып қалудың арасындағы шекара — өте жіңішке.