Атырауда жіті вирустық инфекциямен балалар мен жүкті келіншектер ауырып жатыр

Атырауда вирустық инфекция өршіп тұр. Қараша басталысымен, әсіресе жіті респираторлық вирус жұқтырғандар көбейіп кеткен. Статистикалық мәліметке сүйенсек, қазан айынан бері 22 мыңнан астам адам жұқтырған.  Былтыр осы аралықта 17 мыңнан астам  адам емделді,- дейді эпидемиологтар.  Қала тұрғындары  үлкенде де, кіші де де қызу түспей, әбден әлсіретіп жібергенін айтады.

БЛИЦ:

- Іші өту болды, құсу болды. Өзім фармацевтпын мамандығым бойынша 11 жыл стажым бар. балаларды емдеп алдым. Температурамен келеді.Түсініксіз температура деп, жөтел жоқ  болса да температура деп

- Жолдасым ауырды, инфекция болғанда қатты емес, қазір короновирустың басқа түрі шығып жатыр ғой. Бас ауырады, жүрегі айниды, көзі қарауытады.

- Қызым ауырды. Қатты температура. Басқа ешқандай белгі жоқ. Укол берді, 5 күнге. Қазір жағдайы жақсы.

Инфекциялық аурухананың  қабылдау бөлімінде науқас көп. Мұнда  ем алып жатқан 240 науқастың 200-і бала, 31-і жүкті келіншек. Мамандар көпшілігі үйден емделіп, ауруды өткізіп алып келіп жатыр,- дейді.

ДӘУЛЕН ЕЛЕУОВ, ОБЛЫСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Соңғы екі күн, осы алтыншы күннен бастап обращение көбейіп кетті біздерге. Көбісі ОРВИ диагнозымен, вирустық инфекция диагнозымен, арасында кишечный инфекция да бар.Биыл енді былтырға қарағанда ерекше болып тұр, көбірек болып тұр. Көп жағдайлар бар, 5 күн қызулайды, үйден емдейді,  болмағасын тікелей бізге келе береді. Күндіз де, түнде де сол.