«AMANAT» партиясы мен Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп, педагогтерге арналған «Ustazga AI» жобасын іске қосты. Бұл бастама – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу туралы тапсырмасын орындауға бағытталған. Жаңа жоба ұстаздардың әкімшілік жұмысын жеңілдетпек.
АЙБЕК ҚУАТБАЙ, "DARYN ONLINE" ЖОБАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Мұғалімдердің бір апталық жүктемесі 20 сағат болса, соның 10 сағаты сабақ беруге кетеді, қалған 10 сағаты сабаққа дайындық, сабақтан кейінгі тексеріс, есеп қисап жұмыстарына кетеді. Жасанды интеллекті енгізу арқылы мұғалімдер өзінің уақыт үнемді пайдалана алады.
Жоба үш негізгі кезеңнен тұрады.1-ші кезеңде ұстаздар тегін онлайн курс оқыса, 2-ші кезеңде педагогикалық хакатоннан өтеді. Жақсы нәтиже көрсеткендер халықаралық тағылымдама аясында Оңтүстік Кореяға жолдама алады.
МҰХАММЕД БОЛЫСБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Осы жоба арқылы мұғалімдердің педагогтардың жасанды интелектіні яғни қалыптастырып терең меңгеріп оны жалпы осы білім процесінде дұрыс бейімдеуге үйрететін боламыз.