Республикада жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай маусымдық норма шегінде дамуда,-деп хабарлайды Astana TV.
Сырқаттанушылық бойынша динамика тұрақты және өткен жылдың көрсеткіштерінен төмен болып қалуда.
Эпидемиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-дың 1,27 млн жағдайы тіркелді - бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға аз. А типті тұмаудың 304 жағдайы расталды (H3N2) – бұл жыл сайын айналатын стандартты маусымдық кіші түрі. Вирустың жаңа штамдары анықталған жоқ.
ДДҰ болжамы бойынша, ағымдағы маусымда вирустың үш штамы – A (H1N1), A (H3N2) және B өзекті. Олардың барлығы вакцинаның құрамына кіреді, бұл аурудың ауыр түрлерінен тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.
ТМККК шеңберінде халықты иммундау үшін тұмауға қарсы вакцинаның 2,1 млн дозасы сатып алынды. Бұл халықтың 11%-ы вакцинациялаумен қамтуға мүмкіндік береді, бұл ДДҰ-ның ұсынылған деңгейіне сәйкес келеді және одан да асып түседі. Бүгінгі таңда 1,9 млн адам (халықтың 9,4%) вакцинацияланды, науқан жалғасуда.
Тегін вакцинацияны медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, жетімдер, мүгедектер, жүкті әйелдер, 65 жастан асқан қарттар және созылмалы аурулары бар азаматтар алады.
Вакцинациялауды тіркелген жері бойынша емханаларда, сондай-ақ жеке медициналық орталықтарда ақылы негізде жасауға болады.
Денсаулық сақтау министрлігі уақтылы вакцинациялауды, жеке гигиена ережелерін сақтауды, үй-жайларды үнемі желдетіп отыруды және аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралуды ұсынады.