Ораза қашан басталады?

Фото: sunna.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті,-деп хабарлайды Astana TV. 
Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге түседі.
Ал Ораза айт 20 наурызда, ал Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келеді.
Пәтуа мамандарының айтуынша, діни мерекелердің нақты уақыты айдың көрінуіне байланысты бір күнге өзгеруі мүмкін.