Димаш Құдайбергеннің «Stranger» концерттік туры  Лондонда жалғасады

Бүгін Димаш Құдайберген «Stranger» концертік туры бойынша Лондонға ұшып барған. Бұл туралы Dimashnews сайты хабарлады.

«Әуежайда әншіні жанкүйерлері туларымен, сыйлықтармен және гүлдермен күтіп алған. Dears фан-клубтарының өкілдері сүйікті орындаушысын қарсы алу үшін арнайы дәліз жасап, қоршауларға өздерінің туы мен баннерлерін іліп қойды. Әнші жол-жөнекей қолтаңба беріп, бірге суретке түсіп, өз жанкүйерлеріне жылы қарсы алғандары үшін алғысын білдірді», - делінген ақпаратта.