Мүгедектігі бар балалардың есебінен байымақ болған

Фото: pixabay

 5 тұрғынды алдаған алаяқ сотталды,-деп хабарлайды Astana TV. 

Астана қалалық прокуратура ақпаратынша, ер адам "Біздің балаларға арбалар" деп аталатын "What's App" мессенджер тобына мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пайдаланылған кресло-арбаларды сату туралы ақпарат таратқан.

Жәбірленушілер хабарландыруға назар аударып, кресло-арбаларды пошта арқылы жіберуге уәде берген алаяқтың картасына 40-тан 114 мың теңгеге дейін ақша аударған.

Кінәні мойындау, шын жүректен өкіну және зиянды өтеу сияқты жеңілдететін мәң-жайларды ескере отырып сот үкімімен ер адамға пробациялық бақылау белгілеп, 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.