Халыққа тегін берілетін 3500 дәрінің 20 % қауіпсіздік стандартына сәйкессіздік анықталды

фото: pixabay

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов Үкімет отырысында халыққа тегін беріліп келген кейбір дәрілерді Қазақстан аумағында тіркеу уақытша тоқтатылғанын айтты. 

-Биыл 1 723 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша 43 дәрілік заттарда сәйкессіздік анықталып, олар нарықтан алынып тасталды, - деді ол.

Министрлік тұрғындарға тегін берілетін 3 500 дәрілерінің тиімділігі мен қолдану барысындағы тәуекелдерді бағалап, 20%-ынан сәйкессіздік анықтаған.