Лондонның «Арсенал» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Қайратпен» өтетін матчқа билеттер сатылымға шығатынын жариялады,-деп хабарлайды Astana TV 1bol.kz сілтеме жасап.
Клубтың ресми сайтында жазылғандай, бұл кездесу В санатындағы баға деңгейіне жатады. Билеттердің құны 44,80 фунттан 80 фунт стерлингке дейін (шамамен 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейін) болады. Алдын ала тапсырыс беру 21 қарашада ашылады.
«Арсенал» – «Қайрат» матчы 2026 жылдың 29 қаңтарында Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтеді. Бұл кездесу Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы – сегізінші турға жатады.
Айта кетейік, «Қайрат» клубының өз алаңында өтетін ойындары 30 мыңнан басталып, 250 мыңға дейін жетеді.
Қазіргі уақытта «Арсенал» турнир кестесінде «Бавариядан» кейін 12 ұпаймен екінші орында тұр. Ал «Қайрат» 36 команданың ішінде 34-орында келеді, команда бас бапкері Рафаэль Уразбахтин шәкірттерінің еншісінде небәрі бір ұпай бар. Алматылық ұжым өз алаңында «Пафоспен» тең ойнаған (0:0) болатын. Ал өткен аптада «Қайрат» сырт алаңда «Интермен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңілді.