Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҰҚКД-мен бірлесіп, құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстады.Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
- Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы ретте Полиция департаментінде тәртіптік комиссияның отырысы өткізіліп, оның шешімімен қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды, - делінген ресми хабарламада.