Каспий теңізінің таяздануы, Жайық өзені және Солтүстік Аралдың мәселелері шұғыл шараларды қажет етеді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Экологиялық кеңес отырысында айтылды. Мамандар пікірінше, бұл процестер экологиялық тепе-теңдікке, биологиялық алуандыққа және жағалаудағы өңірлердің тұрақты дамуына елеулі қауіп төндіріп отыр. Елдің су экожүйелері климаттың өзгеруі мен адамзаттың шаруашылық қызметінің әсерінен зор қысым көруде. Бұл жағдай ұлттық және халықаралық деңгейде жүйелі шешімдер мен үйлестірілген іс-қимылды қажет етеді.
БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бүгінгі күн тәртібінде елімізде ірі су пайдаланатын Каспий, Жайық және Арал экожүйелерін қорғау және дамыту шаралары тұр. Аталған су объектілері экологиялық тұрақтылықтың биологиялық әртүрлілікті және жағалаулы өңірлік әлеуметтік экономикалық дамытуды қамтамасыз ету стратегиялық маңызға ие.